Ақтөбе облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты

Ақтөбе облысында жол-көлік апатынан 5 адам қаза тапты, арасында 3 жасар бала бар. Қайғылы оқиға Байғанин ауданына қарасты Қарауылкелді ауылының маңында болған. Жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысқан. Тағы бір жолаушы түрлі жарақатпен аудандық ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал