Шымкентте оқушыларға арналған тегін ыстық тамаққа бөлінген қаражатты заңсыз иеленген

Шымкентте мектеп оқушыларына арналған тегін ыстық тамаққа бөлінген бюджет қаражатын заңсыз иеленген. Тексеріс кезінде 56 білім ошағында асханаға бармаған оқушылардың атына жалған тіркеулер жасалғаны анықталды. Қазір мектеп директорларына қатысты қызметтік тексеріс басталды. Ал кәсіпкерлердің әрекетін құқық қорғау органдары тексеріп жатыр. Бұдан бөлек, бірнеше мектепте талапқа сай биометриялық жүйенің орнына сәйкессіз терминалдардың қолданылғаны әшкереленді. Айта кетейік, биыл Шымкентте 102 мың оқушыны тегін ыстық тамақпен қамту үшін 18 миллиард теңге бөлінген.
ҚУАНЫШ ЫСҚАҚОВ, БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
— Мемлекеттік тапсырысқа қайшы келеді. Әр бала тамақтанатын кезде өзі тіркелуі керек. Тамақтанатын болса ғана қаражат төлеуіміз керекп. Егер бала тамақтанбаса, біз төлемейміз. Кәсіпкерлермен келісімшарт онсыз да осы оқу жылының соңында аяқталуы тиіс. Әрі қарай жаңадан кәсіпкерлер қосамыз немесе оны жалғастырамыз. Әлі шешім қабылданбады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал