Ақмола облысында үй тонап жүрген екі ұры ұсталды

Ақмола облысының Бурабай, Целиноград аудандарында алшаң басып, үй тонап жүрген екі ұры ұсталды. Олар ұрлық жасау үшін елордадан арнайы барған. Келтірілген материалдық шығын бірнеше миллион теңгеден асады. Полиция оларды қылмыстық әрекет ету тәсілінің ұқсастығы арқылы анықтаған. Бос тұрған үйлер, оңай ашылатын пластик терезелер және алып кетуге жеңіл ақша мен бағалы заттар қылмыстың негізгі нысанасы болған. Ұрланған зергерлік бұйымдарды олар ломбардтарға өткізіп, түскен қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Күдіктілерге ұрлық жасау және тұрғын үйге заңсыз кіру баптары бойынша айып тағылды.
ӘСЕМ ӘБДІРАХМАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Барлық жағдайда қылмыскерлер ұқсас тәсілмен әрекет еткен. Олар үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, пластик терезелерді күштеп ашу арқылы жеке үйлерге кірген. Ішке енген соң зергерлік бұйымдар, ақша және басқа да бағалы заттарды ұрлаған. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктілер ұсталды. Қазіргі таңда олардың кемінде бес пәтер ұрлығына қатысы бар екені анықталды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал