Таяу Шығыста мұнай рекордты көлемде қымбаттады

Таяу Шығыста мұнай рекордты көлемде қымбаттады. «S&P Global Platts» агенттігінің дегерінше, Дубай және Оман мұнайының мамырдағы партияларының баррелі 153 доллардан сатылуда. Бұған дейінгі жоғары көрсеткіш 2008 жылы болған еді. Ол кезде баға 147 долларға жеткен. Сарапшылар Ормуз бұғазында ушыққан жағдай бағаның көтерілуіне тікелей әсер етіп отырғанын айтады. АҚШ осы аптада бұғазды қорғау бойынша коалиция құру бастамасын жарияламақ.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал