Қарағандыда тұрғындарға бауырсақты дрондар таратты.
Квадрокоптерлер әуеге көтеріліп, оларға жеңіл ыдыстар бекітіліп, осылайша тәтті тағам үлестірілді. Дронның гуілдеген дауысы төмен түседі. Бұл акция Наурызнама онкүндігі аясындағы Шаңырақ күніне орай ұйымдастырылған. Барлығы орталық саябақта өтті. Алғашында тұрғындар не істеу керегін бірден түсінбей қалды, кейін қызығушылықпен алып, жаңа піскен бауырсақтан дәм татты. Қып қызыл піскен бауырсақ таратылатыны туралы алдын ала әлеуметтік желілерде хабарланған. Ерекше идея 2026 жылдың цифрландыру жылы болып жариялануына байланысты туған.
ВАДИМ ГАГАРИН, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
— Бұл бір әуедегі жеткізу сияқты. Шынында да қызық, өйткені осындай жеңіл дүниелер дәстүрлі нәрселермен үйлесіп, ерекше көрініс береді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.