Шымкентте баланы соққыға жыққан ер адамның видеосы тарады

Баланы соққыға жықты. Шымкентте тапа-тал түсте белгісіз ер адам баланы тепкілеп тастады. Одан кейін түк болмағандай кетіп қалған. Әлеуметтік желіде тараған видеода мектеп формасындағы бала жолды кесіп өткен соң, алдынан шыққан ер адам оны тоқтатып, соққының астына алғаны көрінеді. Ол баланы жолдың шетіне шығарып, тепкілей бастайды. Оның бұл оқыс әрекетіне не себеп болғаны әзірге белгісіз. Ал полиция оқиға орнынан кетіп қалған күдіктіні ұзатпай ұстап, қамауға алды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал