Қостанайда «Азаматтарға арналған үкімет» қызметкері бұрынғы әйелін өлтірген

Қостанайда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қауіпсіздік қызметкері бұрынғы әйелін өлтірді деген күдікке ілінді. Бұл ақпаратты облыстық Полиция департаменті растады. Ведомство мәліметінше, күдікті өз еркімен полицияға барып, жасаған ісін мойындаған. Алдын ала деректер бойынша, тұрмыстық жанжал кезінде ер адам бұрынғы әйеліне аңшылық мылтықтан оқ атқан. Басынан ауыр жарақат алған әйел оқиға орнында көз жұмды. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған тиесілі тіркелген аңшылық қару тәркіленді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал