Науқастар көрсетілген медициналық қызметтің рас-өтірігін енді QR-код арқылы тексере алады. Ол үшін елімізде Qalqan жүйесі іске қосылды. Онда пациенттің ауруханаға қашан жатқызылғаны, анализдері, дәрігер емі, медициналық сақтандыру туралы ақпарат түгел жинақталады. Сондай-ақ, ауруханалар мен емханалар туралы да мәлімет осы жүйеге енгізіледі. Қазір бұл деректер әртүрлі жүйеде шашырап жатыр. Ақпараттық-есепке алу орталығының басшысы Жанасыл Оспановтың айтуынша, әрбір емхана ғимаратына, медициналық бөлімшеге және дәрігердің өзіне жеке QR-код беріледі. Пациент мобильді қосымшаны ашып, сол кодты сканерлесе жеткілікті. Көрсетілген қызметтің рас-өтірігін бірден тексере алады.
ЖАНАСЫЛ ОСПАНОВ, «АҚПАРАТТЫҚ-ЕСЕПКЕ АЛУ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ БАСШЫСЫ:
— Көрсетілген медициналық қызмет бойынша ақпарат кейіннен хабарлама арқылы пациенттің жеке кабинетіне түседі. Онда медициналық қызмет туралы ғана емес, сонымен қатар қызмет құны мен қаржыландыру көздері бойынша да мәлімет беріледі. Осылайша, егер қызметті медициналық сақтандыру шеңберінде алғаны туралы хабарлама келіп түссе, ал науқас қызмет ақысын өз қалтасынан төлеген жағдайда аталған қосымшада бірден шағымдануына болады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.