Мемлекет басшысы Алматыға жұмыс сапары барысында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін аралады. Инновациялық өнімдер орталығы мен Farabi Hub жобасымен танысты. Хаб аясында жасанды интеллект, стартаптар мен креативті индустрия дамып, жүздеген жұмыс орны ашылып, ірі инвестициялар тартылған. Президентке микроспутник жобасы мен NKSAT спутнигі таныстырылып, олардың ғылыми зерттеулер мен геологиялық барлауда қолданылатыны көрсетілді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы суперкомпьютер кластері мен заманауи зертханаларды көріп, олардың ғылым мен ІТ мамандарын даярлаудағы маңызын атап өтті.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.