Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Дональд Трамптан хат келіп түсті. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады. Америка көшбасшысы хатында ақпан айында Вашингтонда өткен Бейбітшілік кеңесінің алғашқы жиыны аясындағы Қазақстан Президентімен кездесуді ықыласпен еске алған. Және келесі отырысқа шақырған.
АЙБЕК СМАДИЯРОВ, ПРЕЗИДЕНТТІҢ КЕҢЕСШІСІ – БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
«Құрама Штаттардың Президенті Мемлекет басшысын Бейбітшілік кеңесінің келесі отырысында және жыл соңына қарай Майамиде өтетін G20 саммитінде күтетінін жеткізді».
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.