Таяу Шығыстағы шиеленіс ушығып барады. Жуырда Иран Қатар мен Біріккен Араб Әмірліктеріндегі газ өңдеу зауыттарына соққы жасады. Осылайша, өз мұнай-газ нысандарына жасалған шабуылдарға қарымта қайтарды. Әлемдегі ең ірі Рас-Лаффан кешеніне жасалған соққыдан кейін Қатар, Иранның екі дипломатын елден шығаруды талап етті. Ал Әмірліктерде зымыран сынықтарының құлауынан бірқатар өндіріс орны жұмысысын тоқтатты. Осы оқиға салдарынан әлемде мұнай бағасы барреліне 110 доллардан асты. Сарапшылар қақтығыстың ушығуы жаһандық энергетикалық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіріп отырғанын айтады. Айта кетейік, 12 араб және мұсылман мемлекетінің сыртқы істер министрлері Иранды шабуылдауды тоқтатуға шақырып отыр.
ФЕЙСАЛ БЕН ФАРХАН ӘЛ САУД, САУД АРАБИЯСЫ КОРОЛЬДІГІНІҢ СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІ:
— Бұл – Иранның дипломатияға деген көзқарасының айқын көрінісі. Ол көршілерімен келіссөз жүргізуге ынталы емес. Керісінше, қысым көрсетуге тырысып бағуда. Бұдан ешқандай нәтиже шықпайды. Сауд Арабиясы мұндай әрекетке көз жұмбайды. Саяси тұрғыдан да, моральдық тұрғыдан да. Қажет болса, әскери әрекетке бару құқығын өзімізде қалдырамыз. Иран тоқтамаса, корольдік басшылығы тиісті шешім қабылдайды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.