Қазақстанда әуе рейстерінің кешігуі – жолаушылар үшін өзекті мәселенің бірі. Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, өткен жылы елімізде әр бесінші рейс уақытынан кешігіп ұшқан. Енді жолаушылар өз құқығын қорғап, рейс кешіккен жағдайда өтемақы алу мүмкіндігіне ие болады. Ол үшін Freedom Insurance компаниясы сақтандыру өнімін ұсынады.
Азаматтық авиация комитетінің деректеріне сәйкес, өткен жылы елімізде 22 мыңнан астам рейс кешіккен. Оның негізгі себептері – қолайсыз ауа райы, техникалық тексеріс және ұшақтардың кешігіп келуі. Соған қарамастан, жолаушылар ағыны артып келеді. Бір жыл ішінде әуежайлар шамамен 32 миллион жолаушыға қызмет көрсеткен. Қазақстандықтар ішкі бағыттармен қатар, шетелге де жиі ұшатын болған.
РАШИДА ШАЙКЕНОВА, ҚАЗАҚСТАН ТУРИСТІК ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
— Рейстің кешігуі Қазақстанға ғана тән құбылыс емес, бұл – бүкіл әлемде кездесетін жағдай. Сондықтан бұл әуе техникасы екенін және қауіпсіздік ең басты мәселе екенін түсінуіміз керек. Әрине, осындай жағдайда ұшу барысында туындайтын тәуекелдерді азайтуға немесе олардың салдарын жеңілдетуге мүмкіндік беретін түрлі құралдар бар.
Мәселенің шешімін Freedom Insurance сақтандыру компаниясы ұсынады. Жаңа өнім рейс кешіккен жағдайда ақшалай өтемақы алуға мүмкіндік береді. Сақтандыруды Freedom SuperApp қосымшасында әуе билетін сатып алу кезінде бірден рәсімдеуге болады. Полис Қазақстанмен байланысты халықаралық рейстерге қолданылады.
НАТАЛЬЯ ЕВДОКИМОВА, «FREEDOM INSURANCE» СК» АҚ ӨНІМДЕРДІ ӘЗІРЛЕУ ДЕПАРТАМЕНТІ МАМАНЫ:
— Механизмі өте қарапайым. Freedom Travel арқылы SuperApp-та әуе билетін сатып алу кезінде Қазақстан Республикасынан ұшып шығатын немесе елге келетін халықаралық бағыттар бойынша рейс кешігуінен сақтандыруды рәсімдеуге болады. Сақтандыру шарты жасалғаннан кейін жүйе рейсті автоматты түрде қадағалай бастайды. Егер рейс екі сағаттан артық кешіксе, сақтандыру жағдайы тіркеліп, өтемақы бірден төленеді. Бұл ретте жолаушылар төлемді алып, оны мақсатқа сай жарата алады.
Төлем мөлшері рейстің кешігу уақытына байланысты анықталады. Екі сағаттан кейін жолаушы өтемақы алады, ал күту уақыты ұлғайған сайын қаржы сомасы да артады. Ең бастысы, ақша автоматты түрде есептеледі, ешқандай өтініш жазудың немесе қағазбастылықтың қажеті жоқ. Әуе тасымалы ұлғайған сайын мұндай шешімдер сұранысқа ие бола бермек. Freedom Insurance сақтандыруы шығындарды өтеуге мүмкіндік беріп қана қоймай, жолда өзіңізді сенімді сезінуге де жағдай жасайды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.