БҚО-да батагөйлер байқауы өтіп жатыр

Еліміздің батысында ақсақалдар жас ұрпаққа бата берді. «Батаменен ел көгерер» атты батагөйлер арасында өткен республикалық байқаудың облыстық кезеңі мәресіне жетті. Наурыз мейрамы қарсаңында өткен шараға өңірдегі 47 қариядан ұсыныс түскен. Байқаудың іріктеу кезеңі онлайн форматта өткізіліп, жеңімпаздарды арнайы тағайындалған қазылар алқасы анықтады. Кең пейілді қазақ халқы қашан да алғыс айтудан қашпаған. Халық арасында алғыс – бата деген ұғым бар. Батагөйлер арасындағы байқау елімізде осымен үшінші рет өткізіліп отыр. Бұған дейінгі үздік баталар жинаққа енгізілген болатын.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал