Көкшетауда әже-апалар 800 метрге жететін сырмақ тікті

Көкшетаудағы спорт аренасы көздің жауын алатын түрлі түсті кілем жайылған алаңға айналды. Аталған өңірден ұлттық дәстүрді көздің қарашығындай сақтап келе жатқан аналар ұзындығы 800 метрге жететін сырмақ тікті. Тек Целиноград ауданынан 35 әже 350 метр кілем дайындаған. Әрбір сырмақтың өз тарихы бар, олар әртүрлі мата мен жіптен сырылған. Шеберлер мерекеге келген қонақтар мен ұлттық өнерді бағалаушыларға өз өнерлерін көрсетті. Сондай-ақ ұлттық киім тігуді жолға қойған түрлі кәсіпорын өздерінің ерекше топтамаларын ұсынды. Осылайша, ата-бабадан мирас болып келе жатқан өнер ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқанын тағы бір көрсетті.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал