Алматыда жұртшылық мұз үстіне ұлттық киіммен шықты

Алматыда алғаш рет қалың жұрт мұз үстіне ұлттық киіммен шықты. Дәл осындай көрініс қаланың үш бірдей алаңында қатар ұйымдастырылды. Мегаполис тұрғындары мен қонақтары үшін мұз айдынына кіру тегін болды. Ұлттық киім киіп сырғанаған қаймана жұрт әдемі атмосфера қалыптастырды. Қонақтарға тегін бауырсақ пен ыстық шай ұсынылды. Көпшілік мұндай форматтың тың әрі шабыт сыйлағанын айтып, мәре-сәре болды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал