Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Дональд Трамптан хат келіп түсті | 19.03.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

БАЛАНЫ ТЕПКІЛЕДІ
Шымкентте көшеде кетіп бара жатқан баланы кездейсоқ адам тепкілеп тастады. Оның бұл оқыс әрекетіне не себеп болғаны белгісіз. Полиция оқиға орнынан кетіп қалған күдіктіні ұзатпай ұстап, қамауға алды.

ӘЙЕЛІН АТТЫ
Қостанайда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкері бұрынғы әйелін атып өлтірді. Кейін өз еркімен полицияға берілген. Қайғылы жағдайға тұрмыстық жанжал себеп болған көрінеді.

МЕДИЦИНАҒА QALQAN
Науқастар енді көрсетілген медициналық қызметтің рас-өтірігін QR-код арқылы тексере алады. Ол үшін елімізде Qalqan жүйесі іске қосылды. Онда пациенттің денсаулық тарихы түгел қамтылады.

ДОМБЫРАҒА РҰҚСАТ
Ұшақта домбыраны қол жүгімен алып жүруге рұқсат беріледі. Бүгін көлік вице-министрі Талғат Ластаев осылай мәлімдеді. Оның айткынша, азаматтық авиация ұшақта музыкалық аспапты тасу талабын жеңілдетті.

ӘЛЕМДІК РЕКОРД
Ауылдан шыққан дене шынықтыру пәнінің мұғалімі әлемдік рекорд орнатты. Солтүстік Қазақстан облысында тұратын ұстаз екі саусақпен турникте — 2 минут 7 секунд ілініп тұрған. Сөйтіп, италиялық Марчелло Ферриді басып озды.

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал