Шалқар қаласында 17 жастағы бозбала төбелес құрбаны болды

Ақтөбе облысында 17 жастағы бозбала төбелес құрбаны болды. Оқиға Шалқар қаласында болған. Жастар жаға жыртысып жатқанда оның жүрегіне біреу пышақ сұғып алған. Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Төбелеске қатысқандар түгел полиция бөліміне жеткізілді. Қазір полиция тергеп-тексеруді бастады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал