YаYа интернет-платформасына алданған ата-аналар ақшаларын қайтара алмай жүр

Алматыда интернет-платформадан алдандық деген ата-аналар ақшаларын қайтара алмай жүр. Әу, баста олар өте тиімді әрі күмән тудырмаған қызмет түрінің жер жарған жарнамасына қызыққан. Алайда сол желіден сатып алынған ондаған үйірмеге арналған абонемент ақырында пайдаға аспаған. Ақысы өтелген, қызмет көрсетілмеген. Алды жарты миллион теңге төлегендер енді ақшасын даулап жатыр.
Ата-аналардың айтуынша, бастапқыда бәрі дұрыс, қызмет көрсетуде ешқандай ағаттық болмаған. Алайда кейін қосымша істемей қалып, уәде етілген сабақтар қолжетіміз болып кетіпті. Ал төленген қаражатты қайтарып алуда қиындық туған.

Яғни ата-аналар қызмет көрсеткеннен қалған соманы талап етіп жүр. Абонемент құны 300 мыңнан 860 мың теңгеге дейін. Интернет-платформадан алған бұл ақылы билетпен балалар сурет, гимнастика үйірмелеріне, бассейнге жаттығуға барған. Ата-аналардың айтуынша, сервис мәселелері бұрыннан басталған. Соған қарамастан, компания жаңа абонемент сатып, қызметін жарнамалауды тоқтатпаған. Ал жоба әлдеқайда жабылып, қаражат қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ЛАУРА ЕРАЛИЕВА, YAYA ҚОСЫМШАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
— Қазірдің өзінде 1800-ден астам клиентке қаражат қайтарылды. Біз кезек тәртібімен қайтару жұмыстарын жүргізіп жатырмыз, әзірге барлығын қамти алған жоқпыз. Компания жабылды, қазір барлық мәселені реттеумен айналысып жатырмыз. Яғни қаражатты клиенттерге 100% қайтаруды жоспарлап отырмыз. Мұндай жағдай бізде қаржылық үзіліс туындауына байланысты болды.

Күтуден шаршаған ата-аналар полицияға жүгінген. Құқық қорғау органдары барлық арыздың мұқият тексерілетінін мәлімдеді. Егер заңбұзушылық анықталса, тиісті құқықтық баға беріліп, қажет болған жағдайда қылмыстық іс қозғалады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал