Таяу Шығыстағы қақтығыс салдары Каспий өңіріне де әсер ете бастады

Таяу Шығыстағы қақтығыс салдары Каспий өңіріне де әсер ете бастады. Кеше АҚШ пен Израильдің әуе күштері Иранның Каспий жағалауындағы ірі порттарының бірі – Бендер-Энзелиге соққы жасады. Бұл туралы Tasnim ақпарат агенттігі хабарлады. Бұған дейін Тель-Авив маңындағы Бен-Гурион әуежайы үстінде ирандық зымырандар атып түсірілгені белгілі. Сондай-ақ Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта жарылыстар тіркелді. Каспийдің Иран жағындағы жағдайға теңізді жағалай орналасқан елдер алаңдаушылық білдірді. Осыған қатысты сарапшының пікірін білсек.
СҰЛТАН ӘКІМБЕКОВ, САЯСАТТАНУШЫ:
— Бірақ тағы бір қауіп бар. Ол Иранға Ресейден бензин мен дизель отынын тасымалдайтын ресейлік танкерлерге қатысты. Егер сондай танкерлердің бірі зақымданса, бұл елеулі қауіп тудырады. Өйткені Каспий теңізі – тұйық су айдыны. Бұған дейін Қара теңізде болған жағдайды көрдік: екі танкер апатқа ұшырағаннан кейін Ресейдің Краснодар өлкесінің жағалауы әлі күнге дейін толық пайдаланылмай отыр. Егер бірнеше мың тонна жанармай теңізге төгілсе, бұл экологияға зиян келтіріп, ағынмен бізге де жетуі мүмкін.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал