Алматыда IT, туризм және инфрақұрылымдық жобалар қарқынды дамып жатыр

Алматы еліміздің IT секторында жетекші рөл атқарады. Цифрландыру аясында Almaty AI Park қалыптасып, жасанды интеллект негізіндегі бейнемониторинг пен талдау жүйесі дамып келеді. Туризм мен тау кластерін өркендету жалғасады. Биыл «Шымбұлақты» жаңғырту, іргелес шатқалдарды дамыту жұмыстары басталады. Жобаларды іске асыру 2029 жылғы Қысқы Азия ойындарына дайындық шараларымен бірге жүргізіледі. Бас жоспарды түзету аяқталуға жақын. Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады. Қала басшысы мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Оның айтуынша, шаһардың инвестициялық портфелі 2,8 триллион теңгеден асады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал