Өскеменде автобуста ер адам балаларға тиіскен

Өскеменде қалаішілік автобуста ер адам балаларға тиісуге әрекет жасаған. Ер адам бала отырған орындыққа сүйеніп, өзін әдепсіз әрі күмәнді ұстаған. Оның жас балаға қол жүгірткенін байқап қалған жас жігіт, айғай салған. Куәгерлер дереу дабыл қағып, ер адамды көліктен түсіріп жіберді. Осыдан кейін тәртіп бұзушы ұсталып, полицияға жеткізілген. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
ҚАРЛЫҒАШ ЖҮСІПОВА — ШҚО ПД РЕСМИ ӨКІЛІ
Оқиғаға қатысқан барлық тұлғалар анықталып, полицияға жеткізілді. Аталған факті бойынша бір азамат қоғамдық орында тиісу әрекеті үшін жауапкершілікке тартылды. Ал соққы жасаған өңір тұрғыны ұсақ бұзақылық үшін жауапқа тартылды. ШҚО полиция департаменті азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға және даулы жағдайларды тек заң аясында шешуге шақырады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал