Арыста бірнеше жігіт 500 тг үшін сатушыны соққыға жыққан | 20.03.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ТӨБЕЛЕС САЛДАРЫ
Шалқардағы төбелес. Ақтөбе облысында 17 жастағы бозбала көз жұмды. Жастар жаға жыртысып жатқанда оның жүрегіне біреу пышақ сұғып алған. Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

YA YA ДАУЫ
Алматыда ата-аналар интернет-платформаға алданғанын айтады. Әу, баста олар өте тиімді әрі күмән тудырмаған қызмет түрінің жер жарған жарнамасына қызыққан. Алды жарты миллион теңге төлегендер, ақшасын даулап, полицияға шағымданды.

КАСПИЙДІҢ ТОЛҚЫНЫ
Таяу Шығыста жағдай шиеленісіп барады. АҚШ пен Израильдің әуе күштері Иранның Каспий жағалауындағы порттарына шабуыл жасады. Бұдан теңіз жағалай орналасқан елдер сескеніп отыр. Сарапшының пікірін ұсынамыз.

ALATAU CITY МӘРТЕБЕСІ
Алатау ситиге айрықша мәртебе беріледі. Бүгін қос палата депутаттары осы қалаға қатытсы Конституциялық заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Маңызды құжатта нақты не айтылған?

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНҒА РОБОТ ҚОСЫЛДЫ
Оралда роботтар ұлттық ойын түрлерінен сайысқа түсті. Асық атып, арқан тартты, қыз қууға қатысты. Жасанды интеллектінің жетістігіне арнамыздың түсіру тобы да куә болды.

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал