Жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады. Оқиға Ақтөбеде жүкті әйелді перзентханаға апара жатқан кезде болған. Салдарынан келіншек жарақат алды. Дегенмен мамандар оны перзентханаға жеткізіп, босандырды. Қазір ана мен баланың денсаулығына қауіп жоқ, дәрігерлердің бақылауында. Ал жедел жәрдем бригадасының қызметкерлері де тексерістен өтті, жағдайлары тұрақты. Полиция мәліметінше, жол апаты таңертең қаладағы адам көп жүретін көшеде болған.
ЕРКІН ӨТЕГЕН, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:
— Сәңкібай батыр даңғылында таңғы 9-дар шамасында Тайота камри және жедел жәрдем автокөлігі соқтығысқан. Соқтығысу салдарынан жедел жәрдем көлігі бүйіріне аударылып ішіндегі науқас медициналық мекемеге жеткізілді. Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтап, жарық дыбысы бар және жарқылдауық белгілері бар арнайы көлікетерге жол беруге шақырады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.