Бестөбеде шахтаға заңсыз кіргендер үйінде астында қалып қойған

Бестөбеде бірнеше адам алтын қазатын шахтаға заңсыз кірген. Кеніш ішінде топырақ үгітіліп, олар үйінді астында қалып қойған. Біреуі оқиға орнында көз жұмды. Екеуі құтқарылып, Степногорск қалалық ауруханасына жатқызылды. Арада күн өтпей осы маңда тағы бір заңсыз кен іздеушінің жабық шахтаға құлап кеткені белгілі болды. Осы екі оқиға ізімен қылмыстық іс қозғалып, тексеру жүргізіліп жатыр.
ЕРМЕК БУРАҚАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНА БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ /СТЕПНОГОРСК/:
— Науқас келіп түсті. Диагнозы: политравма, кеуде қуысы ағзаларының соғылуы, іштің тұйық жарақаты, көкбауырдың жыртылуы, гемоперитонеум яғни, іш қуысына қан кету, бүйректің соғылуы, бүйректің жоғарғы бөлігінің артқы жағында гематома. Ота жасалды. Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал