Атыраудағы ойын-сауық орталығында жасөспірім биіктен құлап, аман қалды

Қаладағы ойын-сауық орталығында жасөспірім биіктен құлап, аман қалды.
14 жасар баланың бұл әрекетке не үшін барғаны белгісіз. Жасөспірімге медициналық көмек қажет болмады, дәрігерлер оны қарап, үйіне жіберді. Ал оның ата-анасына полиция айыппұл салды. Қазір баланың не үшін қараусыз жүргені және неліктен мұндай бұзақылық жасағаны анықталып жатыр.
МЕЙІРІМ ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Бала тәрбиесіне тиісінше қадағаламаған ата-анасына қатысты әкімшілік хаттама жасақталды. Сондай-ақ ойын-сауық орталығындағы қауіпсіздік талаптарын тексеру үшін құзіретті органдарға нұсқама жолданды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал