Батыс Қазақстан облысында балық қырылды. Бұл дерек Жаңақала ауданына қарасты Айдын және Сарыайдын суларында байқалған. Қазіргі есеп бойынша, 5 тоннадан астам балық қырылып қалған. «Бұл табиғи апатқа судың тартылып, таяздауы себеп болуы мүмкін», — дейді мамандар. Қысты күні мұндағы балық бауырлап, қатып қалған. Дегенмен басты себебі бұл емес. Балыққа ауа жетіспей қырылған болуы мүмкін. Қазір су тазартылып жатыр. Мамандар сынама алды. Нәтижесі алдағы күндері белгілі болады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.