Қапшағай су қоймасында браконьерлікпен айналысқан балықшылар ұсталды

Қапшағай су қоймасында заңсыз балық аулаушы азаймай тұр. Балық қорғау инспекторлары жүргізген «Таза су айдындары» акциясы барысында жалпы ұзындығы 5 шақырым болатын заңсыз құрылған ау шығарылып, торға түскен балық көлге жіберілді. Рейд кезінде браконьерлікпен айналысып жүрген үш балықшы ұсталды. Олардан қытай аулары мен резеңке қайық тәркіленіп, заң бұзғандарға әкімшілік хаттама толтырылды. Қапшағай су қоймасында су жәндіктерінің табиғи уылдырық шашуына және еркін өрістеуіне қолайлы жағдай жасауға арналған іс-шараға барлығы 50 адам жұмылдырылды.
РИНАТ ҚУМАШЕВ, БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
— Акция барысында су айдынынан 5 мың метрге жуық балық аулау құралдары шығарылды. Аталған акция жыл сайын өткізілуде. Мысалы, 2025 жылы Балқаш-Алакөл су айдындарынан 56 км аулау құралдары және 17 тонна тұрмыстық қалдықтар жиналған.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал