Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге жұмыс сапарымен келген Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті. Кездесуде екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынастың нығайып келе жатқаны айтылды. Мемлекет басшысы қазірдің өзінде құны 25 миллиард долларға жуық, 122 ірі жобаның іске асырылғанына тоқталды. Сауда көлемі 30 миллиард долларға жақындаған. Әңгімелесу барысында Ресей Президенті Владимир Путиннің Қазақстанға жасайтын мемлекеттік сапарына дайындық мәселелеріне мән берілді. Ресей Үкіметінің Төрағасы қазақ жерінде көрсетілген сый-құрмет үшін Мемлекет басшысына ризашылығын білдіріп, жалпыұлттық референдумның табысты өтуімен және жаңа Конституцияның қабылдануымен құттықтады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.