Дастан Сәтпаев әлемнің үздіктері қатарына енді. Беделді Goal басылымы жуырда арнайы рейтинг әзірлеп, «Қайрат» клубының шабуылшысын үздік 50 жас таланттың қатарына қосты. Тізімде отандасымыз 43-орынға жайғасқан. Басылым Сәтпаевтың шеберлігіне де тоқталған. Ойын мәнері мен шабуылды аяқтау шеберлігі тұрғысынан оны Серхио Агуэроға ұқсатады. Естеріңізде болса, Дастан Сәтпаев 2025 жылғы Қазақстан чемпионатында 14 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді. Айта кетейік, Goal нұсқасы бойынша әлемнің ең үздік жас футболшыларының алғашқы үштігіне «Барселона» ойыншысы Ламин Ямаль, «Челси» өкілі Эстеван және тағы бір каталондық клуб қорғаушысы Пау Кубарси енген.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.