Аутизмге шалдыққан балалардың дамуына сіз де үлес қоса аласыз!

Аутизмге шалдыққан балалардың дамуына үлес қосамын десеңіз, сондай мүмкіндік туып тұр. Ол үшін Run for Autism қайырымдылық жарысына қатысыңыз. Жүгіруден жарыс тура бір айдан кейін, 26 сәуірде Астанадағы Ботаника бағында өтеді. Ұйымдастырушылар шараны қалай өткізетінін айтып берді. «Bolashak Charity» қоры өкілдерінің айтуынша, бағдарламада әртүрлі қашықтыққа жүгіру, аутизмге шалдыққан балаларға арналған эстафеталар және бағалы сыйлықтар ұтысы қарастырылған. Жиналған қаражат арнайы білім беру орталығын жабдықтауға және гранттар бөлуге жұмсалады. Осымен төртінші мәрте өтейін деп тұрған жарысқа қатысу құны – 9-12 мың теңге аралығында. Алдымен Run for Autism сайтында тіркелу керек.
САМАЛ ӘЛБІЛЕКОВА, «BOLASHAK CHARITY» ҚҚ ЖОБА ЖЕТЕКШІСІ:
— Соңғы үш жылда жиналған қаражатқа елордадағы балабақшаларда, мектептерде және колледждерде инклюзияны қолдау кабинеттерін аштық. Ол – дамуында қандай да бір ерекшеліктері бар балаларға арналған қолдау кабинеттері. Бұл балалар мектепті бітіріп жатыр, біз әрі қарай олардың кәсіби білім алуына көмектескіміз келеді. Сондықтан биылғы Run for Autism жасөспірімдер мен ересектерге арнайы кәсіби білім беруге бағытталады. Жүгіруге өтінім 19 сәуірге дейін қабылданады. Тіркелсеңіздер болады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал