Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
СОҢҒЫ САПАР
Zeekr автокөлігі кесірінен болған жол апаты әлі ел назарында. Жұртшылық жантүршігерлік оқиғаның құрбаны болған үш тұрғынның етжақындарына қайғыра көңіл айтып, кінәлі адам тиісті жазасын алсын дейді. Өйткені Алматыда тағы бір әйелді көлік қағып кетті.
АЛТЫН ҮШІН АЖАЛ ҚҰШТЫ
Бестөбеде бірнеше адам алтын қазатын шахтаға заңсыз кірген. Кеніш ішінде топырақ үгітіліп, олар үйінді астында қалып қойған. Біреуі оқиға орнында көз жұмды. Екеуі құтқарылып, ауруханаға жатқызылды. Арада күн өтпей тағы бір заңсыз кен іздеуші шахтаға құлады.
БАЛЫҚ ҚЫРЫЛДЫ
Тоғанда балық қырылды. Оқиға Батыс Қазақстан облысының Жаңақазан ауылы маңында болған. Қазір тиісті мекеме өкілдері өлген балықты жинап жатыр. Су маржанының жаппай қырылуына нақты не себеп болғаны белгісіз. Мамандар мәселенің мән-жайын анықтау үшін судан сынама алды.
БҰҒАЗҒА БАЙЛАНҒАН БАҚ
Иран Ормуз бұғазын ашты. Бірақ бұның АҚШ пен Израильге қатысы жоқ. Ал Америка басшысы Дональд Трамптың бас-аяғы төрт аптада Иранды тәубасына келтіремін деген мәлімдемесіне, сарапшылар күмән келтіре бастады. Жалпы Таяу Шығыстағы қақтығыс қашан аяқталады?
СӘТПАЕВ ҮЗДІК ФУТБОЛШЫ АТАНДЫ
Дастан Сәтпаев әлемдегі ең үздік 50 жас футболшы қатарына қосылды. «Кайрат» шабуылшысы әрі Қазақстан құрамасының мүшесі Goal әзірлейтін рейтингте 43-ші орынға жайғасты. Рейтингті әзірлеу барысында Сәтпаевтың қандай ерекшеліктері ескерілді?
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.