Қарағандыда екі адамды өлтіріп кетті. Пәтерден 38 жастағы әйел мен оның 12 жастағы қызының мәйіті табылды. Алғаш болып дабыл қаққан марқұмның туыстары. Жақындары байланысқа шықпаған соң алаңдап, үйіне барған. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл жантүршігерлік қылмысқа әйелмен бірге тұрған ер адам күдікті болуы мүмкін. Бейнебақылау камераларындағы жазбаларға қарағанда, пәтерден ең соңғы болып сол адам шыққан. Полиция оны іздестіріп жатыр.
БАҚЫТЖАН ҚҰДИЯРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктінің жеке басы анықталды. Қазіргі уақытта оны ұстау бағытында кешенді жедел іс шаралар жүргізілуде. Полиция қызметкерлерімен оқиғаның барлық мән жайын жан жақты әрі толық анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.