Екі баланың көзінше әйелді пышақтап, кейін 25-қабаттан секіріп кеткен ер адамға қатысты іс қайта қаралатын болды. Бұған дейінгі сот отырыстарында күдікті психикалық ауытқуы бар адам ретінде қарастырылған. Алайда сот дәлелдердің жеткіліксіз екенін және іс барысында ескерілмеген жайттар бар екенін атап өтіп, істі қайта қарауға жіберді. Күдікті қазір психиатриялық мекемеде жатыр. Еске сала кетейік, оқиға былтыр маусым айында Астанадағы көпқабаты үйде болды.
АЛУА САЙДАЛИНА, ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ ТУЫСЫ:
— Біз осы уақытұа дейін сот әділ болады деп сендік. Әлі толқып отырмын. Судьяның шешімімен сот ісі қайта қаралуға жіберілді – бұл үшін өте ризамын. Бұрын біз ұсынған барлық өтініш, яғни қосымша тексерулер, жүргізу туралы өтініштер қанағаттандырылды. Бірге әділдікке қол жеткізіп, шындықты анықтап, кінәлі адамның жазаланатынына сенемін.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.