Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен әйелге қатысты сот шешімі шықты. Қалалық білім басқармасының жауапкері безбүйрек ананы ата-ана құқығынан шектеу және алимент өндіру туралы сотқа арыз түсірген. Еске сала кетейік, оқиға қаңтар айында болған еді. 29 жастағы әйел ұлы мен қызын аяусыз ұрып, денесіне ыстық үтік басқан. Зардап шеккен балалар ауруханаға жатқызылып, әйел қамауға алынған еді. Сот 4 баланың анасы өз перзенттеріне қатігездік жасағанын анықтады. Соған сәйкес, «Неке және отбасы туралы» ҚР кодексінің талаптарын және кәмелетке толмаған балалардың мүддесін негізге алып, әйелдің ата-ана құқығын шектеді. Сондай-ақ қылмыстық кодекстің 110-бабы, яғни кәмелетке толмаған адамды дәрменсіз күйде аса қатігездікпен тән зардабына ұшырату бабымен іс қылмыстық сотқа түсті.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.