Ақмола облысында автомобиль жолын қарғын су шайып кетті.
Игілік ауылынан Көкшетауға барар жолдың бір бөлігі опырылып қалған. Жүргізушілер дер кезінде тоқтап үлгеріпті. Негізі бұл өткізу нысаны жыл сайын көктемгі тасқында осылай опырылады. Алайда, былтыр ғана, 14 млн теңге бөлініп, жөндеу жүргізілген. Әзірге 300-ден аса тұрғыны бар ауылдан айналма жол бар. Бірақ тұрғындарды жолдың кепілдік мерзімі өтпей жатып қирауы алаңдатып отыр.
СЕРІК ИСАХАНОВ, ЗЕРЕНДІ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Бүгінгі таңда мердігер аталған жерге шақырылды. Яғни қазір жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар Игілік ауылының тұрғындарына альтернативті жол бар. Жол қалпына келтіріледі.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.