ШҚО-да тау өзендерінің арналары тазартылып жатыр

Шығыс Қазақстан облысында тау өзендерінің арналары тазартылып жатыр. Өңірде ауа температурасы 13 градусқа дейін көтеріліп, қауіп артты. Мамандар 15 учаскеде мұз жару жұмыстарын жүргізді. Коммуналдық қызмет бригадалары тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Глубокое ауданында Үлбі өзенінің арнасы бұрылды. Синоптиктердің мәліметінше, өңірдегі өзен-көлдерде жағдай тұрақты. Әзір су деңгейі көтерілген жоқ. Дегенмен, жауаптылар жағдайды жерден де, көктенде бақылауға кірісті.
КОНСТАНТИН БОРОВИКОВ, ТЖБ БАСТЫҒЫНЫҢ М.А.:
— Жаңа Үлбі, Быструха ауылымен бірнеше өзенде су тасқынға қарсы шаралар жүргізілді. Айтып келмейтін апаттың алдын алу үшін жұмыс жалғасады.

ІҢКӘР АСҚАРОВА, ГИДРОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
— Қазіргі таңда жағдай тұрақты. Су деңгейі қауіпті межеден төмен. «Теректі» метеостанциясының деректері бойынша қар қоры да өткен жылмен салыстырғанда төмен.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал