736 елді мекен үшін тасқын қаупі сейілді

Төтенше жағдайлар министрлігі еліміздегі су тасқыны жағдайы бойынша брифинг өткізді. Жалпы, бүгінге дейін жасалған өңірлік жұмыстар 92 пайызға орындалды. Нәтижесінде, 736 елді мекен үшін тасқын қаупі сейілді. Қазір ең қауіпті Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Абай облыстары жіті бақылауға алынған.
Айта кетейік, 1 наурыздан бастап Министрліктің жедел штабы жұмыс істеп келеді. Барлық аймақ жасанды интеллект көмегімен тәулік бойы бақылауға алынған. Төтенше жағдай қызметкерлері: «Арнайы құрал сақадай сай, сондықтан дәл бүгінгі таңда тасқыннан айтарлықтай қауіп жоқ», — дейді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал