Алатау қаласы дербес басқару, қаржыландыру және жер пайдалану жүйесі бар ерекше мәртебеге ие болады. Парламент «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» конституциялық заңды екінші оқылымда қабылдады. Енді шаһар дербес басқарушылық, қаржылық және институционалдық ерекше режимі бар қала ретінде қалыптасады. Басқаруда негізгі рөлді Alatau City Authority атқарады. Ол – Үкімет құрамына кірмейтін, бірақ Премьер-министр төрағалық ететін Кеңеске есеп беретін мемлекеттік қор нысанындағы орталық мемлекеттік орган. Сонымен қатар мәслихат пен әкімдік қаланың күнделікті тіршілігін қамтамасыз ету функциясын сақтайды. Заң «Digital by default» қағидатын енгізуді және Алатауды жасанды интеллект технологияларын кеңінен қолданатын толыққанды Smart City ретінде дамытуды көздейді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.