Бүгін – Дүниежүзілік театр күні. Айта кетейік, елімізде 70-тен астам театр жұмыс істейді. Жыл басынан бері республикалық театрлар 170 мыңнан астам көрерменге қызмет көрсетті. Ал былтыр көрермен саны 2,8 млн-нан асты. Осы айтулы күнге орай Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева сала өкілдерін құттықтап, жылы лебізін жолдады. Оның айтуынша, Қазақстанда театр өнеріне деген қызығушылық артып келеді. Сондай-ақ көрермен сұранысы да мазмұнды әрі талапшыл сипатқа ие болуда.
АИДА БАЛАЕВА, ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ, МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ:
«Бүгінде қазақстандық театрлар жаңа қойылымдарымен көрерменді қуанта отырып, халықаралық сахналарда ел абыройын асқақтатып келеді. Олар түрлі фестивальге қатысып, жоғары бағаларға ие болып, мәдени байланыстарды кеңейтуге өз үлесін қосуда. Осы айтулы күні театр өнерінің барлық өкілін Дүниежүзілік театр күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге шалқар шабыт, шығармашылық табыс, өнер жолында жаңа жетістіктер тілеймін!»
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.