Қарағандыда «Шахтер» футбол клубының жаңа құрамы таныстырылды. Команда басшысы осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстар мен алдағы маусымда жанкүйерлерді қалай қуантатынын айтты. Қазір жергілікті жас ойыншыларға басымдық беріліп отыр. Футболшылардың орташа жасы – 22-23 жас, яғни «Шахтер» Бірінші лигадағы ең жас ұжымдардың бірі атанды. 1950 жылы құрылған бұл клуб – өңірдің беткеұстар символы. Соңғы жылдары команда көп жеңіске жете қойған жоқ. Былтыр желтоқсанда клуб Freedom Holding Corp. басқаруына өтті. Енді ойыншылар да, қарағандылықтар да отандық инвесторға үміт артып отыр. Қалада футбол инфрақұрылымын қайта жаңғыртып, жаңа стадион салу жұмысы басталған. Бұл нысандарда тек тартысты матчтар өткізу ғана емес, болашақта әлем деңгейіндегі футбол жұлдыздарын тәрбиелеу жоспары бар. Команданы таныстыру кезінде жаңа ойын формасы да көпшілікке көрсетілді.
ТИМУР ТУРЛОВ, FREEDOM HOLDING CORP. БАС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:
— Мен «Шахтер» футбол клубының тек даңқты тарихы ғана емес, жарқын болашағы да бар екеніне сенімдімін. Бұл – жай ғана облыс бренді емес, болашағы біздің қолымызда тұрған клуб. Бұл мені қатты жігерлендіреді. Өйткені әлем чемпионы болу үшін қажет негізгі нәрселердің бәрі бізде, Қазақстанда бар. Ең бастысы, бізде талантты жастар бар.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.