Жедел жәрдем қызметкерлеріне пышақ ала жүгірген күдікті қамауға алынды

Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне пышақ ала жүгірген күдікті қамауға алынды. Шақыртумен пациентті қарауға барған дәрігер мен фельдшерге науқастың ұлы шабуыл жасаған. Бірақ ешкім зардап шеккен жоқ. Полиция оны ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Оқиға ізімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Полицияның хабарлауынша, медицина қызметкерлеріне қоқан-лоқы көрсеткен күдікті мас болған. Енді оның кінәсі дәлелденсе, 2 млн теңге айыппұл төлейді немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Аталмыш дерек бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасымен ҚК 380 бабының нормалары бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілу үстінде. Сезікті уақытша оқшаулау абақтысына қамалды. Жаңа заң нормаларына байланысты бұл әрекеттер қылмысқа жатады. Ол үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал