Қаза тапқан жүргізушінің отбасы кінәлі тараппен татуласудан бас тартты. Әл-Фараби даңғылындағы жол апатынан кейін күдіктінің туыстары кешірім сұрап барған. Қорғаушы Олег Черновтың айтуынша, тергеу күдіктінің апат алдындағы әрекеттері мен жүріп өткен бағытын анықтау үшін бейнежазбаларды, банктік операцияларды және ұялы байланыс операторларының деректерін сұратуда. Сондай-ақ оның жағдайы да тексерілуде. Алдын ала мәлімет бойынша, қандағы алкоголь мөлшері шамамен 1,3 промилле болған. Бұған қоса, көлік жылдамдығын және соқтығыстың алдын алу мүмкіндігін анықтау үшін сараптамалар тағайындалды. Көшедегі жарысқа бірнеше көліктің қатысуы да жоққа шығарылмайды, олардың арасында, болжам бойынша, полиция қызметкері болуы мүмкін. Қаза тапқан ер адамның артында алты жасар ұлы қалды.
ОЛЕГ ЧЕРНОВ, АДВОКАТ:
— Бейнежазбаларды талап етіп алғаннан кейін қозғалыс бағытын анықтау, банк құжаттарын яғни, шот үзінділері мен ақша аударымдарын алу, сондай-ақ ұялы байланыс операторларының деректерін алып, оларды егжей-тегжейлі талдау жүргізу қажет. Кейіннен көңіл көтеру орнынан алынған чекті де тәркілеу керек. Одан әрі кешенді комиссиялық сараптамалар жүргізіледі. Соның ішінде жол-көлік оқиғасының нақты себептері, соқтығыс жылдамдығы, кинетикалық энергия күші және басқа да факторлар анықталады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.