Ақтөбе облысында полиция қызметкері атыс қаруын тұрмыста қолданды. Оқиға Хромтау қаласында тіркелген. Күдікті полицей ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция департаменті оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Тергеу жүріп жатыр. Алдын ала дерек бойынша, өзара туыс болуы мүмкін ер адамдар арасында жанжал туындап, соңы атысқа ұласқан. Сол сәтте полиция қызметкері қару қолданған. Оқ жарақатын алған 36 жастағы ер адам аудандық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр, бірақ тұрақты деп бағалап отыр.
БЕРІК ЖАРЖАНОВ, ХРОМТАУ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
— Жағдайы ауыр, бірқалыпты. Гемодинамикалық көрсеткіштер қалыпты. Науқас толық емін жалғастыруда. Сонымен қатар емдеуші дәрігерлер науқастың тума-туыстарымен кездесу жүргізіп, науқастың жағдайы туралы толық ақпарат беруде.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.