Күдікті Сұлтан Сәрсемалиев өмір бойына сотталуы мүмкін. Атырау облысы Жангелдин ауылында болған Қарабалиндер отбасының өліміне қатысты іс бойынша басты күдіктіге тағылған айыптар күшейтілді. Оған екі және одан да көп адамды өлтіру, бірнеше рет кісі өлтіру, алдын ала сөз байласу арқылы жасалған ұрлық, алаяқтық баптары бойынша айып тағылды. Айыптаулардың бір бөлігі марқұмдардың жеке заттарын ұрлау және олардың малын заңсыз сату фактілерімен байланысты. Заңгерлердің айтуынша, қылмыстың ауырлығы, қоғамдағы резонанс және күдіктінің шетелге қашуға әрекет жасауы ескерілсе, сот оған өмір бойы жаза тағайындауы мүмкін.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.