Ұлытау облысында ірі есірткі каналының жолы кесілді. «Жезқазған- Қарағанды» тас жолында 300 келі марихуана тасымалдап бара жатқан қылмыстық топ ұсталды. «Бұл есірткі затының қара нарықтағы құны 3 млн АҚШ дролларына тең», — дейді мамандар. Есірткіні тасымалдауға және бағытты үйлестіруге қатысы бар бес адам ұсталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ДАНИЯР МЕЙІРХАН, ІІМ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
— Жезқазған – Қарағанды автожолында есірткі тасымалдауға қатысы бар бес адам ұсталды. Күдіктілер маршрутты бақылаған. Көлікті тексеру кезінде 13 пакет тәркіленді. Онда 300 келіден астам марихуана болған. Алдын ала мәліметке сәйкес тәркіленген есірткі миллионға жуық бір реттік дозаға тең. Оның қара нарықтағы құны үш миллион АҚШ долларына жетеді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.