Ветеринария саласында 1 млрд теңгеге жуық қаржы жымқыру дерегі анықталды. Түркістан облысында салалық қызметтің басшылары мен жауапты тұлғалары 2022-2025 жыл аралығында бюджет қаражатын заңсыз иемденудің жүйелі схемасын ұйымдастырып келген. Прокуратура жүргізген тексеру барысында жалған мәлімет енгізілген төлем құжаттары арқылы шамамен 928 миллион теңге негізсіз аударылғаны белгілі болды. Қаражатты аудару кезінде қызметкерлер өздерінің электрондық цифрлық қолтаңбаларын пайдаланған. Сонымен қатар, төлем тапсырмаларында бірдей бизнес субъектілерінің жеке сәйкестендіру нөмірін көрсетіп, тек атауын өзгертіп отырған. Алайда іс жүзінде қызмет те көрсетілмей, тауарлар да жеткізілмеген.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.