Павлодарда этномәдени бағытта әлемдік деңгейдегі рекорд тіркелді. Мұнда Қыдыр Ата бейнесінің әлемдегі ең биік инсталляциясы орнатылды. Мүсіннің биіктігі – 5,5 метр. Ауқымды жұмысты павлодарлық шебер әйелдер жасаған. Жаңа жоба олардың алдыңғы жетістігінің жалғасы десе болады. Бұған дейін олар биіктігі 4 метр болатын Ұмай Ана инсталляциясын жасаған. Жаңа рекордты ресми тіркеу рәсіміне 500-ден астам адам жиналды. Рекордты растау үшін қалаға Азия және Африка елдері бойынша Әлемдік рекордтар кітабының өкілі келді. Барлық қажет өлшемдер алдын ала жүргізіліп, нәтиже ресми түрде тіркелді.
ҚУАНДЫҚ ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, ӘЛЕМДІК РЕКОРДТАР КІТАБЫ ТІРКЕУ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС ОФИЦЕРІ:
— Бұл инсталляция негізінен, мифтік және этно кейіпкерлердің арасында орнатылған ең биік туынды болып саналады. Әлемдік тәжірибеде мұндай болмаған. Сондықтан Қыдыр Ата бейнесі бүгінде этникалық, мифологиялық образдар ішінде адам қолымен жасалған ең биік инсталляция деп нық айтуға болады. Алдағы уақытта бұл туынды Павлодар қаласындағы музейге немесе мәдениет сарайына орналастырылуы мүмкін.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.