Атырауда ер адам туған балаларын зорлап келген | 30.03.2026

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ПЫШАҚ СЕРМЕДІ
Алматыда белгісіз біреу жедел жәрдем қызметкерлеріне пышақ ала жүгірді. Пациентті қарауға барған дәрігер мен фельдшерге мас адам шабуыл жасаған. Ешкім зардап шеккен жоқ. Ал күдікті ұсталып, 15 тәулікке қамауға алынды.

САҚШЫ ТУЫСЫН АТТЫ
Ақтөбе облысында полиция қызметкері туысына оқ атты. Оқиға Хромтау қаласында болған. Әуелі екеуінің арасында жанжал туып, ашуға булыққан тәртіп сақшысы қару қолданған. Оқ тиген адам жансақтау бөлімінде жатыр.

ОПАСЫЗ ӘКЕ
Атырауда ер адам туған балаларын зорлап келген. Егіздердің біреуі – 2,5, екіншісі – 3,5 жаста. Ал әйелі күйеуі жазадан құтылып кете ме деп қорқады. Өйткені оның сот саласында қызмет ететін туысы бар көрінеді.

ҚАРҒЫН СУ БАСТЫ
Қостанай көшелерін су басты. Қарғын су айналасы жарты сағаттың ішінде жол мен аулаға жайылған. Жергілікті билік бұған қардың күрт еруі себеп деп отыр. Құтқарушылар тасқын қаупі төнген аумақтарды ұшқышсыз ұшу аппаратымен бақылай бастады.

ӘЛЕМДІК РЕКОРД
Павлодарда этномәдени бағытта әлемдік рекорд тіркелді. Биіктігі 5,5 метр болатын Қыдыр Ата инсталляциясы орнатылды. Жергілікті шеберлердің төл өнерін әлемдік рекордтар кітабының өкілі бағалады.

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал