Кассациялық сотқа түсетін әкімшілік және қылмыстық іс көбейді

Соңғы кезде кассациялық сотқа түсетін әкімшілік және қылмыстық іс көбейген. «Бұл – халықтың өз құқығын қорғауға құлшынысы артып келе жатқанының айғағы», — дейді мамандар. Ал сот жүйесінде атқарылып жатқан реформалар осы сенімді арттыруға бағытталған. Мамандардың айтуынша, әр шешім тек заңға және нақты айғақтарға сүйеніп шығарылады. Яғни ешкімнің жеке мүддесіне емес, дәлелге мән беріледі. Барлық тарап тыңдалып, содан кейін ғана үкім шығарылады.
ТАЛҒАТ МАҚҰЛОВ, КАССАЦИЯЛЫҚ СОТ СУДЬЯСЫ:
– Егер адамның кінәсі дәлелденсе, сот соны айтады. Ал егер күмән мен қайшылықтар болса, заң бұзылса, сот оны да міндетті түрде ескереді. Сондықтан сотқа деген сенім қауесетке емес, шын жағдайды түсінуге негізделуі керек.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал