Елордада Тәжікстан елшілігі Наурыз мерекесін атап өтті

Елордада Тәжікстан елшілігі Наурыз мерекесін атап өтті. Думанға жиналған жұрт тәжік халқының ұлттық тағамынан дәм татып, салт-дәрстүрі және әдет-ғұрпымен танысты. Өнер ұжымдары әсем ән салып, әдемі көңіл күй сыйлады. Мәдени шараға басқа да елшілік өкілдері де қатысты. Көпшілік береке мен бірліктің бастауы болған айтулы мерекенің мәні мен маңызына тоқталды.
ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ, ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
– Бұл мереке ЮНЕСКО тарапынан адамзаттың материалдық емес, мәдени мұрасының тізіміне енгізілген, сондай-ақ көптеген елді біріктірген халықаралық мереке ретінде аталып өтеді. Бүгінде Қазақстанда Наурыз – бір-бірімізге достық үшін алғыс айтып, өзара сенімді нығайтып, ынтымақтастықтың жаңа беттерін ашатын мереке. Сіздерді Наурыз мейрамымен тағы да шын жүректен құттықтай отырып, зор денсаулық, бейбітшілік пен құт береке тілеймін. Наурыз құтты болсын, достар!
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал